Жарияланды: 640

Қазақстан ғарыштық іс-қызметтер аясында өзара сенімділікті нығайту жөніндегі Ресейдің бастамасын қолдайды

Ғарыш кеңістігінде кез-келген қару түрін орналастырудың алдын алу және ғарыштық кеңістікті пайдалануда қандай да бір кездейсоқтыққа жол бермеу үшін ғарыштық ынтымақтастық саласында өзара сенімділікті нығайтып, ашықтық аясын кеңейте түсуге бағытталған Ресей ұсынысын Қазақстан қолдайды.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады. Осындай бастаманы 2002-жылдың қазан айында РФ сыртқы істер министрі Игорь Иванов көтерген болатын. Бастамада ғарыштық нысандарды ұшыру жөніндегі болашақ жоспарлар, олардың мақсаты және негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратпен алдын-ала бөлісуге Ресей Федерациясы тарапынан әзірлік танытылған. Бүгінде, тиісті дайындық жұмыстары тәмамдалып, бастама тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть