Қазақстан ғылыми жаңалық ашатын дарындыларға іздеу жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғылыми жаңалық ашатын дарындыларға іздеу жариялады

Қазақстан ғылыми жаңалық ашатын дарындыларға іздеу жариялады

«Қазақстанда жасалған» деген сөз нағыз сапаның мықты өндірістің символы болуы тиіс. Осындай мәлімдеме жасаған мемлекет басшысы бүгін индустрияландыру бағдарламасы аясында тағы бірнеше  жобаның тұсауын кесті.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 520
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп Елбасы тікелей телекөпір арқылы он зауыттың жұмысын  іске қосты. Жаңа өндіріс орындары химия, мұнай-газ, металлургия, машина жасау саласы бойынша өнім шығармақ. Жалпы индустрияландыру бағдарламасы қолға алынғалы бері елімізде 537 зауыт іске қосылған. Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Үкіметке әлемді таңғалдыратын технологиялар ойлап табатын азаматтарды іздеп тауып, қолдау көрсетуді жүктеді. Себебі инновациялық сілкініс болмаса алға өрлеу мүмкін емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


— Сондықтан халық арасындағы дарындыларды тауып қаржылай қолдау көрсетуіміз керек. Оңай шаруа емес, бірақ істеу қажет. Билл Гейтс біздің азаматымыз болса инновация да болар еді. Өкінішке орай ондай адам әзір жоқ. Сондықтан таланттты дегендерге көмектесуіміз парыз. Олар жаңа технология ашып әлемге елімізді танытуы керек.

Жиын соңында президент «Қазақстанның үздік тауары» номинацисы бойынша жылда берілетін «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарының иегерлерін марапаттады.