Жарияланды: 400

Қазақстан грузия-оңтүстік осетия шиеленісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетеді

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан прнзиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ел үкіметі бүгін резервтік қордан грузия-оңтүстік осетия шиеленісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету үшін қаржы бөлді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, тазалық құралдары, киім-кешек пен құрылыс материалдары жөнелтіледі. "Қазақстан үкіметі шиеленіске қатысушы тараптарды халықаралық қоғамдастық тарапынан көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмектің ешбір кедергісіз әрбір мұқтаж жанға жеткізілуіне қажетті жағдайды қамтамасыз етуге шақырады", -деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін