Қазақстан инвесторларды индустрияны дамытуға қаржы салуға шақыратын болады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан инвесторларды индустрияны дамытуға қаржы салуға шақыратын болады - Назарбаев

Қазақстан инвесторларды индустрияны дамытуға қаржы салуға шақыратын болады - Назарбаев

Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экономиканың шикізат өндіру саласында жұмыс істеп жатқан инвесторларды индустрияны дамытуға қаржы салуға шақыратын болады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Қазақстан -2030" : алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

  • 12 Қазан 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Біз еліміздің сан алуан минералдық ресурстары саласында жұмыс істейтін өзіміздің әріптес-инвесторларымыздан және біздің нарыққа келешекте келетіндерден қаржысының бір бөлігін, әлбетте, меншіктері ретінде, елімізде индустрияны дамытуға жұмсауын мейлінше өтіне талап ететін боламыз», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Осы орайда президент «алдағы жылдары мемлекетіміз инновациялық бастамалар үшін, өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін, экономиканы құрылымдық қайта құру үшін барлық қажетті заңнамалық, әкімшілік және басқа да жағдайларды жасайтынын» атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті