"Қазақстан инжиниринг" баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қазақстандық делегация құрамында ұлттық компания басшылығы мен компания тобына кіретін кәсіпорын өкілдері кіреді.
Сапар шеңберінде Ресей басшылығымен бірқатар кездесулер жоспарланған. Б.Смағұлов Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездеседі.
Мұнымен қоса, Ресей әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызмет директоры Александр Фоминмен және осы қызмет директорының орынбасары Константин Бирюлин мен кездесу өтеді.
Қазақстан делегациясы ресейлік қорғаныс-өнеркәсіптік кешен өкілдерімен, атап айтқанда, "Уралвагонзавод" ғылыми-өндірістік корпорация» ААҚ, "Алмаз – Антей" ӘҚК концерні» ААА, "РОСНАНО" ААҚ, "Ростех" МК, "Ресей тікұшақтары" холдингімен және басқалармен де кездеседі.