"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының президенті Виталий Метте қайтыс болды
Бүгін, 4-шілде күні таңертеңгісін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, қорғаныс өнеркәсібіне қарасты "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының президенті Виталий Метте ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
В.Метте 1947-жылдың 5-қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Козлушка ауылында туған. Севастополь қаласындағы жоғары әскери-теңіз училищесін әскери инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Техника ғылымдарының кандидаты .
1994-жылдың қазан айына дейін В.Метте Үлбі металлургия зауытын басқарды. 1995-жылдың наурызына дейін ҚР үкімет басшысының орынбасары болды. 1995-жылдың наурызынан 1996-жылдың наурызына дейін ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал 1997-2003 жылдар аралығында В.Метте Семей, кейінірек Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды .
В.Метте Өскемен қаласындағы Ушанов зиратында жерленеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін