Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіз бөлімшелерімен ғана шектеуді ұсынады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіз бөлімшелерімен ғана шектеуді ұсынады  - Назарбаев

Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіз бөлімшелерімен ғана шектеуді ұсынады - Назарбаев

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіздегі бөлімшелермен ғана шектеуді ұсынады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тегеранда өткен Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының екінші саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 16 Қазан 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Каспий теңізіндегі әскери-теңіз шараларын шекаралық мекемелердің теңіздегі бөлімшелеріне жүктелетін мақсаттар мен функциялармен ғана шектеуді ұсынамыз», — деді Қазақстан президенті.

Президенттің пайымдауынша, «осы тұрғыдан алғанда Каспий теңізін қару-жарақ пен әскерилерден тазарту ең тартымды үлгі болмақ». «Бұл ұсыныспен бәрі де келіседі деп санаймын, сол себепті Каспий теңізіндегі қару-жарақты қадағалауға алу жөніндегі бес жақты тетік құру жөніндегі қазіргі бар идеяға назар аударғым келеді. Ол қауіпсіздікті сақтаудың бір кепілдігі болумен бірге түрлі шиеленістердің алдын алудың сенімді құралы бола алады», — деді Н. Назарбаев.

«Қазіргі ахуалды ескере отырып, сондай-ақ, энергия тұтынушы ірі елдердің стратегиялық мүдделері тоғысып жатқан осы өңірдегі геосаяси ахуалды ескере отырып, біздің елдеріміздің Каспий теңізіндегі ынтымақтастығы өзара тепе-тең, конструктивті әрі жауапты көзқарастардың үлгісіне айналғаны абзал», — деді ол.

«Қазақстан Каспий теңізі өңірінде меймандос қарым-қатынас орнатуға бағытталған өз саясатына адал. Бұған теңіздегі сенімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың іргетасы- тұғырын бекіту жөніндегі саммиттің қорытынды декларациясының жобасына қосқан біздің бастама да дәлел», -деді Қазақстан мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті