Жарияланды: 450

Қазақстан коммунистері республика экономикасының ахуалын аса нашар деп бағалауда

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан коммунистері республика экономикасының ахуалын аса нашар деп бағалауда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Коммунистік партиясы ОК бірінші хатшысы

Серікболсын Әбділдин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Біз республика экономикасының ахуалын аса нашар деп бағалаймыз. Мұндай бағаға қандай негіз бар? Біріншіден, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өнімінің көлемі бойынша 1990 жылғы деңгейдегі экономикалық әлеуетке қол жеткізе алмай отырып, біз ішкі жалпы өнімнің өсімі бойынша кері кеттік. Өнім мөлшерінің өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы екі есе азайып, 5% құрады", - деді С. Әбділдин. "Екіншіден, әлемдік экономикадағы біздің рейтинг те бес пунктке төмендеді. Біз былтыр 56 орында едік, бәсекеге қабілетті 50 елдің деңгейіне дейін таяқ тастам жер секілді сезілген, ал қазір біз 61 орындамыз", -деді бірінші хатшы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін