Жарияланды: 490

Қазақстан КҚК-ын 1-ші шілдеден бастап кеңейтуге Ресейдің ақтық келісімін алды

Каспий құбыры консорциумын (КҚК) 1-ші шілдеден бастап кеңейтуге ақтық үйлестірімдерін алды, деп ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Құбыр бойынша жетістіктер үлкен. Ресейге ол үшін рахмет. Осы бойынша біз 1-ші шілдеден бастап КҚК кеңейту құрылысын бастай аламыз», - деді ол бейсенбі күні сенат депутаттарының сауалдарына жауап беріп. Бұрын хабарланғандай, 2010-шы жылы КҚК акцияонерлері құбырды кеңейту туралы шешім қабылдады. Құбырды кеңейту жұмыстарының белсенді кезеңінің басталуы 2011-ші жылдың маусым айына деп жоспарланған. Құбырды кеңейту оның қуатын жылына 67 млн тонна мұнай тасымалдауға дейін көтереді. Кеңейту жобасы қолданыстағы мұнай айдайтын стансаларды жетілдіру мен қосымша тағы 10 станса салуды (2-еуі Қазақстан территориясында, 8-і Ресей территориясында), Новороссийск маңында қосымша алты мұнай қоймасын салуды, және КҚК-ның теңіз терминалында теңіздегі кеме тұратын үшінші орын салуды, сондай-ақ Қазақстан территориясындағы 88 км құбырды диаметрі үлкен құбырмен алмастыруды қарастырады. КҚК қазақстандық мұнайды Ресей территориясы арқылы транзитпен тасымалдау үшін құбыр салу және оны келешекте пайдалану үшін құрылған. КҚК ұзындығы 1 580 км болатын Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының иесі. Құбыр Қазақстанның батысындағы мұнай кеніштерін ресейлік Қара теңіз жағалауымен байланыстырады. КҚК-мен мұнайды экспорттау көлемі 2010-шы жылы 1%-ға өсіп, 34,9 млн тоннаға жетті. КҚК акционерлері: Ресей («Транснефть» арқылы- 24% және «КТККомпанияи» - 7%) 31%; Қазақстан («ҚазМұнайГаз» арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company- 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін