Қазақстан машиналарды өзі жасап шығаратын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан машиналарды өзі жасап шығаратын болады

Қазақстан машиналарды өзі жасап шығаратын болады

Жақын арада Қазақстан машиналарды тек құрастырып қана қоймай, өзі жасап шығаратын болады.

  • 10 Қазан 2013
  • 617
Фото - Caravan.kz


Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Astana International Auto Salon — 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесінің ашылу салтанатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай айтты.

«Әрине, осы уақытқа дейін, тіпті қазірдің өзінде Қазақстанның машина жасау өнеркәсібінің даму болашағына сенімсіз қарайтындар бар. Себебі бізде тек көліктерді құрастыру жұмысы ғана жүргізіледі. Алайда ағымдағы жылдың соңында осы салада толыққанды өндіріс, яғни шанақты дәнекерлеу, бояу және шағын бөлшектерді құрастыру жұмысы басталады. Осының арқасында басқа салалар да дами бастайды», — деді ол.