Қазақстан мемлекеттік органдардың жұмысын бизнесте заң бұзушылықтың алдын алуға бағыттамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мемлекеттік органдардың жұмысын бизнесте заң бұзушылықтың алдын алуға бағыттамақ

Қазақстан мемлекеттік органдардың жұмысын бизнесте заң бұзушылықтың алдын алуға бағыттамақ

Қазақстанда мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қатысты бақылау қызметінің тиімділігін бағалау енгізілмек. Бұл туралы аймақтық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 319
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, биылғы жылдың тоғыз айы ішінде шағын және орта бизнесті 138 мың 670 тексеру жүргізілді.

«Біз талдау жүргіздік, тексерулердің 50%-дан астамы жоспардан тыс болып табылады. Мұнда прокуратура бізбен бірге біраз былықтың бетін ашты, кейде мемлекеттік органдардың кейбір қызметкерлері өз кабинетінен төменге қоңырау шалып, қандай да бір бизнес субъектісін тексеру үшін негіз бар деген жалған мәлімет айтқан.», — деп Қ.Өскенбаев бүгін Астанада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз қызметінде мәлімдеді.

Бұл проблемаларды шешу үшін заңдарға тиісті түзетулер дайындалды, дейді ол. Мәселен, Аймақтық дамыту министрлігі тәуекелдік деңгейі төменге жатқызылған бизнес субъектілерін жоспарлы тексеру өткізбеуді, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер өткізу негіздерін реттеу және бақылау қызметінің қорытындылары бойынша есептілікті жетілдіруді ұсынған.


Кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік бақылауды заң бұзушылықты анықтап, жазалаудан заң бұзушылықты профилактикалау және алдын алуға бағыттау жоспарланған.