Қазақстан мен Әзербайжан өзара ынтымақтастықты жандандыра түспек - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Әзербайжан өзара  ынтымақтастықты  жандандыра түспек

Қазақстан мен Әзербайжан өзара ынтымақтастықты жандандыра түспек

БАКУ. 4- сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Әзербайжан өзара ынтымақтастығын жандандыра түспек. Бұл туралы бүгін Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуінде Әзербайжан үкіметінің басшасы Артур Раси-заде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2007
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Әзербайжанның арасындағы өзары ықпалдастық деңгейі жоғары, бірақ өмір осы өзара ықпалдастықтың кеңеюін талап етуде»,- деді А. Раси-заде. «Әзербайжан мен Қазақстанның арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың қорытындысы бойынша 2005 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Бұл айналым көлемі әзірге мардымсыз, бірақ кейіннен артуы да мүмкін, дегенмен тауар айналымының өсу қарқыны біздің қатынастарымыздың тұрақты өсіп келе жатқандығын айтады»,- деп атап өтті ол.

Кәрім Мәсімов өз кезегінде, Қазақстан мен Әзербайжанның өзара ынтымақтастықтығын бұдан да жандандыра түсетіндігін атап көрсетті. «Қазір біздің елдеріміздің арасындағы қатынасты дамытуға жаңа серпін беретін кезең»,- деді ол. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының премьер-министрі А. Раси-задені Қазақстанға сапармен келуге шақырды. «Біздің бүгінгі жасаған келісімдеріміз нақты жүзеге аса алады»,- деп қосты Кәрім Мәсімов.

«Мен Қазақстан мен Әзербайжанның экономикасы өзара жақын нығая отырып, екі елдің де халқы игілігін көретін үлкен синергетикалық нәтиже береді, деп сенемін»,- деді қазақстандық премьер. Ол, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметіне Әзербайжан Республикасының экономикадағы жетістіктері мен осы бағытта үкімет қабылдаған қадамдарын тереңірек зерделеу қажет екендігін атап өтті.

Кәрім Мәсімов, «екі ел арасындағы жоғарғы деңгейде жүргізілген саяси диалогтар, және Ильхам Әлиевтің Қазақстанға, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға барған сапарлары екі жақты қатынастардың дамуына үнемі тың серпін беріп отырғандығын» атап өтті. «Және И. Әлиевтің алдағы Қазақстанға сапары біздің қатынастарымызға жаңаша күш беруге тиіс. Мен біздің бүгінгі жасаған келісімдеріміз жоғарғы деңгейдегі әрбір кездесуге іс жүзінде нақты маңыз беруге мүмкіндік жасайды деп ойлаймын»,- деп атап өтті Кәрім Мәсімов. «Баку — Тбилиси — Жейхан жөніндегі үкіметаралық келісім біздің осы бағытта алға жылжып келе жатқандығымыздың мысалы»,- деп қосты ол.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әзербайжан үкіметінің Қазақстан мұнайын БТЖ мұнай құбыры арқылы тасымалдау туралы үкіметаралық келісімін ратификациялағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының жақын арада бұл мәселені шешетіндігін атап өтті.

Кәрім Мәсімов өткен сапары барысында екі жақтың авиация, энергетика, көлік және байланыс салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылағандығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Азербайжанмен теңіз транспорты жөніндегі келісімін ұзартуға қызығушылық танытып отыр. «Аталмыш келісімнің мерзімі 2001 жылдан бері аяқталған. Екі жақ бұл құжатты келесі кездесу барысында қол қою үшін тиісті министрліктерге пысықтауға тапсырма бере алады»,- деді ол.

«Сонымен қатар, Әзербайжан мен Қазақстанға көмірсутектер мен құрғақ жүктерді тасымалдайтын инфрақұрылымды кеңейтуге байланысты мәселелерді шешу қажет. Біз сіздермен бірлесе отырып екі жақтың бір-біріне жіберген жүктері симметриялы түрде қабылдануы үшін инфрақұрылымға салынатын инвестициялардың синхронды сипатта болуы үшін өзара келңсілген саясат жүргізуді қалар едік»,- деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов.

Ол, Каспий теңізінің түбі арқылы оптикалы-талшықты байланыс желісін тарту мәселесіне тоқтала отырып, «бұл мәселенің біраз баяулап қалғандығын» атап өтті. «Менің түсінуімше, бұған негізінен біздің ел себепші»,- деп атап өтті. «Бұл мәселе бойынша принциптік шешім қабылдануда, үкімет өкілдерінің құрамында компания өкілдерінің де Әзербайжанда сапармен болуына байланысты ол шын мәнінде іске асуы мүмкін. Егер бұл үшін қандай да бір құжаттар керек болса, біз келесі кездесуде оларға қол қояр едік»,- деді қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті