Келісімге АДБ президенті Такехико Накао және Қазақстан премьер министрі Кәрім Мәсімов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бүгін Астанада Азиялық даму банкінің 47-ші жылдық отырысының ашылу салтанатында қол қойды.
Банк президенті мәлімдегендей, осы келісім негізінде Қазақстан Ұлттық қоры мен АДБ экономикалық әртараптандыруды қаржыландыру, Қазақстанда тұрақты даму мен инклюзивтік өсім мақсатында бірлесе жұмыс істейді.