Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық байланыс нығая түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық байланыс нығая түседі

Парламентаралық байланысты арттыру және Қазақстан мен Әмірлік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық кеңесінің Төрайымы Әмәл әл-Кубейсидің кездесуінде осы мәселелер кеңінен талқыланды. Тоқаев құрметті қонақты Қазақстан Парламентінің жұмысымен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын заңдық тұрғыда қамтамасыз ету барысымен таныстырды. Сондай-ақ «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық конференциясына шақыртуын қабыл алғанына алғыс білдірді. Ертең Астанада өтетін шараға парламентшілер, діни қызмет өкілдері және халықаралық ұйым басшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық кеңесінің Төрайымы бұл конференцияның маңызды екенін және экстремизм мен терроризмге бірігіп қарсы күрес жүргізу қажет екенін айтты.

  • 30 Мамыр 2016
  • 393
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар