Жарияланды: 320

Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің тауар айналымы көрсеткішін арттырудағы әлеуеті жоғары

Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің тауар айналымы көрсеткішін арттырудағы әлеуеті жоғары.

Бұл туралы бүгін Астанадда Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясниковичпен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовпен мәлім етті. «Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі, сондай-ақ Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруі біздің елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынастарына өзгерістер енгізеді. Әсіресе, бұл Беларусь секілді елдер енетін жақын әріптестерімізге де қатысты болмақ»,-деді Үкімет басшысы. «Әрине, біздің арамыздағы 800 млн. АҚШ долларына жуық тауар айналымы екі ел арасындағы әлеуетті ескергенде жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан екі мемлекеттің үкіметтеріне жақын арада аталған көрсеткішті 1 млрд. долларға жеткізу, ал алдағы уақытта оны екі, үш есеге арттыру мақсаты жүктелді. Ол үшін бізде мүмкіндіктер бар»,-деп атап өтті С. Ахметов. Премьер-Министр химия, ауыл шаруашылығы, машина жасау салаларындағы жобалар өзара сауданы айтарлықтай арттыруға жол ашатынын тілге тиек етті. Сөз соңында Үкімет басшысы Беларусь Премьер-Министрі ертең Қарағанды облысына сапар жасап, «КазБелаз» кәсіпорнын және басқа да бірқатар өндіріс ошақтарын аралайтынын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін