Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыруға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыруға келісті

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыруға келісті

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халиф бен Заид аль Нахаян бүгін Астанада өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Шiлде 2008
  • 970
Фото - Caravan.kz

«Келіссөздерде сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі ұлғайту тетіктері талқыланды. Атап айтсақ, Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстандағы шағын және орта бизнес жобаларына тәжірибе, технологиялар мен инвестициялар тарту үшін екі елдің кәсіпкерлік орталары арасындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру қажеттігі айтылды. Осы тұрғыда екі елдің іскерлік кеңесі мен үкіметаралық комиссиясының іс-қызметін пәрмендендірудің маңызы зор»,- делінген хабарламада.

Екі елдің көшбасшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында саяси саладағы ынтымақтастық өзара сенімділік және конструктивтік сипатта екенін айтты. «Тараптар шешуші халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын атап өте отырып, БҰҰ, Ислам Конференциясы ұйымы және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың аясындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз берілетінін жеткізді», — делінген баспасөз баянынында.

Қазақстан жағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстанның «Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеу» тақырыбында мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің форумын өткізу жөніндегі бастамасына көрсеткен қолдауына жоғары баға берді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті