Қазақстан мен Чехия өзара тиімді әріптестікті кеңейтуден мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Чехия өзара тиімді әріптестікті кеңейтуден мүдделі

Қазақстан мен Чехия өзара тиімді әріптестікті кеңейтуден мүдделі

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Чехия өзара тиімді әріптестікті кеңейтуден мүдделі. Бұл туралы кеше Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасы сенатының төрағасы Пржемысл Соботка арасындағы келіссөздер кезінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі снеаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 587
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан-Чехия қарым-қатынастарын, ең алдымен өзара парламентаралық іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Қ.Тоқаев «бұл сапардың маңызы зор әрі парламентаралық ынтымақтастықтың аса маңызды мәселелері бойынша пікір алмасу үшін пайдалы болып отыр» деп атап өтті және «қазіргі заманғы геосаяси жағдайда парламенттік институттар рөлінің арта түсуі осы деңгейдегі байланыстардың дамуына елеулі серпін береді» деді.

Екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейту мәселелеріне тоқтала келіп Қ.Тоқаев сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды сипатын атап өтті.

Қазақстан әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына енетін Чехия экономикасын инвестициялау саясатын жалғастыруға әзір деп атап өтті төраға. Сапар аясында екі елдің іскер топтары қатысқан бизнес-жиын мен Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы энергетика, машина жасау, көлік инфрақұрылымын жасау салаларындағы бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға бағытталып отыр.

Қ.Тоқаев әріптесін қазіргі экономикалық ахуал мен жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында экономика қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдаған шаралар жайында хабардар етті. «Мезгілінде қабылданған шаралар Қазақстанға қиын экономикалық жағдайдан аздаған шығынмен шығуға мүмкіндік берді» деп атап өтті төраға.

Сенаттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі мен орнына қатысты сөзінде жоғарғы палатаның басшысы әріптесін палатаны қалыптастыру қағидалары мен оның заң шығару ісіндегі міндеттері туралы жан-жақты таныстырды.

Қазіргі кезде сенат сайлау кезеңінде, ол осы жылдың 4 қазанында болады. Балама негізде ұсынылған 88 үміткерден 16 депутат сайланады, деді төраға.

Қазақстан парламенті чех депутаттарымен халықаралық парламенттік ұйымдар, оның ішінде ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеялары, Еуропарламент және Парламентаралық Одақ аясында тығыз қарым-қатынас орнатуға әзір. Бұл тұрғыда төраға Орталық Азия елдері бойынша Еуропа Одағы Стратегиясын жүзеге асыру мәселелерін талқылау мүмкіндігін атап өтті.

«Қазақстан осы маңызды құжатты әзірлеуге белсенді түрде қатысқан болатын және біз оны ілгерілетуге мүдделіміз» деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Еуропалық белдеу біздің еліміздің сыртқы саясатында маңызды басымдық болып табылады. Қазақстан президенті өзінің арнаулы Жарлығымен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Оны жүзеге асыруға барлық мемлекеттік институттар, оның ішінде парламент те атсалысатын болады, деді төраға.

Қазақстанның халықаралық саладағы іс-қимылындағы маңызды бағыттардың қатарында біздің еліміздің Өркениеттер үнқатысуын өткізу жөніндегі бастамасын атап өтті. «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім біздің көпұлтты еліміздің игілігінің негізі болып табылады, бұл өнеге уағдаластыққа қол жеткізу және бір-бірімен келісімге келу мүмкіндіктері туралы айғақтайды» деді төраға.

П.Соботка өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда чех делегациясының сапарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде әлем парламенттері басқа кездегідей емес, зор күшке ие болып келеді, әрі бұл бізге мемлекеттердің саяси және экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға елеулі мүмкіндік береді.

«Сіздердің тамаша елдерінің Чехиямен жұптаса отырып сындарлы түрде жұмыс істей алады» деді П.Соботка. Чех Республикасы жаһандық экономиканың проблемаларына қарамастан Жалпы ішкі өнім өсуінің жоғары пайызын сақтады, ол қазақстандық инвесторлар үшін жақсы белгі болып табылады.

Сенат төрағасы әріптестіктің басымдықтары қатарында энергетика саласын айтып, оның ішінде энергия жеткізуді, машина жасауды, көлік салаларын ерекше бөліп қарастырды. Ол сондай-ақ Чехияның денсаулық сақтау, білім беру және құрылыс салалары бойынша да ынтымақтастыққа әзір екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті