Қазақстан мен ЕО ынтымақтастықты кеңейту келіссөздерін жыл соңына дейін аяқтамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен ЕО ынтымақтастықты кеңейту келіссөздерін жыл соңына дейін аяқтамақ

Қазақстан мен ЕО ынтымақтастықты кеңейту келіссөздерін жыл соңына дейін аяқтамақ

Бүгін елордада Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісім бойынша келіссөздердің 6-шы раунды басталады, деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне

  • 12 Мамыр 2014
  • 302
Фото - Caravan.kz

Келісім жобасында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру болашағы және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуді ескере отырып, ынтымақтастық салаларын кеңейту, сауда-инвестициялық әрі экономикалық бөлімдерді жаңғырту мәселелерін қарастыру көзделген.

Келіссөздер барысында тараптар келісім жобасындағы «Сауда және инвестиция», «Экономикалық және тұрақты даму салаларындғы ынтымақтастық», «Ынтымақтастықтың басқа да бағыттары», «Қаржылық ынтымақтастық» бөлімдерін талқылауға ниетті.


Қазақстан мен ЕО жаңа келісімнің жасалуына тең дәрежеде мүдделі. Тараптар ағымдағы жылдың соңына дейін келісім бойынша келіссөздерді аяқтауды жоспарлап отыр.