Қазақстан мен Грекия қылмыстық іс жүргізу саласындағы келісімдерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Грекия қылмыстық іс жүргізу саласындағы келісімдерді талқылады

Қазақстан мен Грекия қылмыстық іс жүргізу саласындағы келісімдерді талқылады

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Алексей Волков Грекияның Әділет, транспаренттік және адам құқығы бойынша министрі Никас Параскевопулоспен кездесу өткізді.

  • 4 Тамыз 2016
  • 278
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында сот ісін жүргізу саласында, яғни адамдарды беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық жәрдем мен сотталған адамдарды ұстап беру секілді үш мемлекетаралық келісімдерге қол қою мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Елші Н.Параскевопулосқа Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бастап, қылмыстық іс жүргізу саласында, қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Испания, Италия және Канада мемлекеттері бар, 46 екіжақты келісімдерге қол жеткізгендігі туралы шолу жасады. Бұған қоса, А.Волков Қазақстан посткеңестік мемлекеттер ішінде тұңғыш болып ҚР мен ЕО қатынастарының құқықтық базасына айналған 2015 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан мен Еуропа одағы арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығы жайлы ақпараттандырды. Аталған келісімнің негізгі ынтымақтастық салаларына әділеттілік, миграция сұрақтары, терроризм, ұйымдасқан қылмыс және жемқорлық мәселелері кіретіндіктен, А.Волков грек тарапын қылмыстық іс жүргізу саласында мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізуге қатысты Қазақстан тарапы жасаған ұсынысты қабылдау мүмкіндігін сұрады. Өз кезегінде Н.Параскевопулос баяндалған келісімдерге қол қою екі мемлекет арасындағы достық қатынастарының саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салаларына өзара тиімді ынтымақтастығының нығаюына зор септігін тигізетініне келісе отырып, грек тарапы ұсынысты мұқият зерттейтініне сендірді.

Соңғы жаңалықтар