Қазақстан мен Иран өзара сауда көлемін 3 млрд долларға жеткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран өзара сауда көлемін 3 млрд долларға жеткізбек

Қазақстан мен Иран өзара сауда көлемін 3 млрд долларға жеткізбек

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад аграрлық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

  • 27 Қаңтар 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-дан астамға өсіп, $500 млн құрады. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Иран нарығына жалпы құны шамамен $250 млн болатын қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын.

«Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы үлесі – шамамен 80%. Біздің елдерімізде АӨК өнімінің тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар», — деді Әлихан Смайылов.

Қазақстан Үкіметі екі елдің басшылары қол қойған жалпы сауда көлемін $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндетті орындау үшін белсенді жұмыс істеуге дайын.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы екенін атап өтті. Бұл тұрғыда «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі ерекше маңызға ие.


Өз кезегінде Сейед Джавад Садати Нежад сауда және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызы зор екенін атап өтті, сондай-ақ Иран Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар