Қазақстан мен Иран Президенттері Астанада келіссөздер өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран Президенттері Астанада келіссөздер өткізеді

Қазақстан мен Иран Президенттері Астанада келіссөздер өткізеді

8 қыркүйекте Қазақстанға екі күндік ресми сапармен Иран Ислам Республикасының (ИИР) Президенті Хасан Рухани келеді.

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz

Ақорда сайтында хабарланғандай, Астанада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханимен кездесу өткізеді.

11-12 қыркүйек күндері Қазақстан Президентінің Душанбе қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттері басшыларының отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

Иран Президенті Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен келеді. Иран басшысының сапары Қазақстанға ғана емес, тұтастай алғанда Орталық Азияға алғашқы келуі болмақ.


Н.Назарбаев 2013 жылы тамызда Х.Руханидің ұлықтау салтанатына қатысқан болатын.