Қол қою рәсімі уақытында тараптар екіжақты деңгейде ынтымақтастықтың перспективалары және Қазақстан мен Либерияның өзара мүддесін білдіретін БҰҰ күн тәртібінің маңызды мәселелері туралы пікір алмасты. Олардың ішінде — Орнықты даму мақсаттарын іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, бітімгерлік, қатығыстан кейінгі даму бар. Тараптар мемлекеттер арасындағы, әсіресе білім беру саласындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейту маңыздылығын таныды.
Қазақстандық тарап Либерия өкіліне «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
Д. Паттен 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның сайлау науқанының негізгі басымдықтарын оң қабылдады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінде атап өткендей, Қазақстан мен Либерия арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін үкіметаралық комиссия құру бойынша екі жақты мүддесін білдірді. Джордж Паттен қазақстандық тарапқа мыңдаған адамның өмірін қиған Батыс Африкадағы Эбола вирусының таралуымен күресте көрсеткен көмегі, сондай-ақ орнықты даму аясында БҰҰ ДБ бірлесіп, Қазақстан мен Африка арасындағы әріптестікті жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Либерия Республикасы — Батыс Африкадағы мемлекет, халқы — 4 млн. адам. Басқару нысаны — республика; астанасы — Монровия. 1945 жылы Либерия БҰҰ құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болды.
Ел ірі минералдық, ауыл шаруашылығы, орман, гидроэнергетикалық ресурстарға бай. Негізгі экспортталатын тауарлары кофе, какао және алмас.