Қазақстан мен Люксембург сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге ниет білдіріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Люксембург сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге ниет білдіріп отыр

Қазақстан мен Люксембург сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге ниет білдіріп отыр

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Люксембург сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге ниет білдіріп отыр. Кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Люксембургтың премьер-министрі Жан-Клод Юнкермен өткізген келіссөздері барысында осындай келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Маусым 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі жеткіліксіз. Сондықтан, біз президент Н. Назарбаевпен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және өзара сауда көлемін ұлғайту жөнінде келістік», — деді Люксембургтың премьер-министрі кездесу соңында болған баспасөз мәслихатында.

Н. Назарбаев әзірге мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемі өте аз екенін және екі жақты да қанағаттандырмай отырғанын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті