Жарияланды: 670

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара проблемасын дипломатиялық жолмен шешкен жөн- Қ.Тоқаев

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы проблемаларды шешу үшін "Қазақстан көршілес Өзбекстанмен дипломатиялық келіссөздер жүргізеді". Бұл туралы бүгін, 9-қазанда Астанада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.

Оның пікірінше, "екі ел арасындағы шекара проблемасын дипломатиялық жолмен шешкен жөн". "Өзбекстан-Қазақстанмен меймандос көрші мемлекет. Сол себепті екі ел арасында жарқын қарым-қатынас орнығуы тиіс",- деді Қ.Тоқаев. "Екі мемлекет арасында жақын қарым-қатынас өрбісе, бұл тек осы елдер үшін ғана емес, сондай-ақ, жалпы Азия аймағы үшін жағымды жағдай",- деді бас дипломат. Ол "Туындаған түйткілді мәселеде Қазақстан мен Өзбекстан өзара мәмілеге келеді" дегенге сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін