Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасындағы шекарадан өтудің кедендік мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасындағы шекарадан өтудің кедендік мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасындағы шекарадан өтудің кедендік мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының кедендік қызмет басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінен.

  • 19 Мамыр 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz

Тараптар Қырғызстан аумағындағы қырғыз-қазақ шекарасының өткізу бекетінде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу кезінде біріккен бақылау жүргізу тәртібі туралы хаттамаға қол қоюмен байланысты ауқымды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстандағы «Кеген» және қырғыз еліндегі «Қарқыра» өткізу пунктінің жұмыс режиміне қатысты мәселе қаралып, тараптардың кедендік қызметтерінің өкілдері туралы Келісім мен «Күркіреусу-Маймақ-Шөлдала» теміржол учаскесі бойымен мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы ҚР Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Келісім жобасы бойынша мемлекетішілік келісімді өткізу мерзімі анықталды.

Кездесуде қаралған мәселелер кедендік әкімшілік аясында бірлескен әрекеттерді оңтайландыруға бағытталатын болды.


Жүздесу соңында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин Қазақстан мен Қырғызстанның кедендік қызметінің арасындағы сенім деңгейінің өте жоғары екенін және оның өзара әрекеттестіктің табысты болуына оң ықпалын тигізе беретінін атап өтті.