Қазақстан мен Қырғызстан шекарашылары өткізу бекеттерін бірлесіп бақылауға алу жөніндегі жобаны іске асырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан шекарашылары өткізу бекеттерін бірлесіп бақылауға алу жөніндегі жобаны іске асырды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарашылары өткізу бекеттерін бірлесіп бақылауға алу жөніндегі жобаны іске асырды

Бішкек. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының шекарашылары өткізу бекеттерін бірлесіп бақылауға алу жөнінде жобаны жүзеге асырды. Бұл жөнінде агенттікке Қырғызстан шекара қызметінің сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімінен хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

Олардың мәліметтері бойынша, бұл шара 2008 жылы қаңтар айының 10-20 күндері аралығында «Ақ-Жол — Қордай» шекара өткелінде өткізіледі.

«Бірлескен бақылау қызметі шекара арқылы өтетін адамдарды, көлік пен жүктерді тексерудің процедураларын жеңілдетіп, заңсыз әрекеттерге қарсы күрестің тиімділігін арттырады. Қазіргі кезде осындай шараларды «Қайынды — Мерке» шекара бекетінде өткізудің дайындық жұмыстары жүргізілуде. Орталық Азиядағы осындай бірінші жобаның жемісті қорытындысына қол жеткізу үшін, оны өткізу жұмыстары жалғастырылады «, — деп хабарлады Қырғызстан Республикасының шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, мұндай тәжірибелер екі мемлекет шекарашылары арасында өткен жылы қазан айының аяғында және қараша айының басында өткізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті