«Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қорын рәсімдеуге қатысты техникалық мәселелер аяқталды», — деді Б. Әлбергенов.
Бұдан былай қор жұмысы басталып, оның қаржысы екі елдің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қорын құру туралы келісімге екі елдің үкімет басшылары былтыр қол қойған.
Қорға бастапқыда $120 млн қаржы аударылады, оның $100 млн — Қазақстан , $20 млн Қырғызстан шығарады.
Қазір Қырғызстандағы Қазақстан инвестициясының басым бөлігі өнеркәсіп, қаржы секторы мен туризмге жұмсалуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті