Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіподақ Федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіподақ Федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіподақ Федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіподақ Федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Қыркүйек 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Бауырлас еліміздің кәсіподақтары үнемі көршілес татулықты нығайтуыға талпынған, және де Қырғызстанның кәсіподақ Федерациясы өкілдерінің Қазақстанға келуі екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға жаңа қарқын береді»,- деп атап көрсетті Қазақстанның кәсіподақ Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев келісімге қол қою салтанатынан кейін.

Қырғызстанның кәсіподақ Федерациясының төрағасы Сағын Бозғунбаев өз кезегінде, «ресми құжатқа қол қою екі елдің кәсіподақ ұйымдарының өзара ықпалдастығында жаңа қадамдарға бастайды», деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті