Жарияланды: 590

Қазақстан мен Қырғызстанның жол қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз ету шаралары табысты өткізілді - Қырғызстан ІІМ

Бішкек. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның жол қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз ету шаралары табысты өткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы президенттерінің тапсырмасы бойынша екі елдің Ішкі істер министрліктері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көші-қон процессін бақылау, сондай-ақ ішінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Осыған байланысты, Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжанов Қырғызстан Республикасындағы әріптесімен келіссөз жүргізіп, Қырғызстан Республикасының аумағындағы "Алматы - Ыстықкөл" көлік жолында бірлескен жол полициясының патрульдеу жасағын ұйымдастыру туралы келісімге келді. Бірлесе әзірленген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 15-20 тамыз аралығында аталған жол бөлігінде патрульдеу үшін Қырғызстан Республикасына Алматы және Жамбыл облыстарының Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасынан құрамында 20 қызметкері бар 10 автопатрульдік экипаж жолданған. Әрбір патрульдік көлік соңғы үлгідегі техникамен, оның ішінде байланыс құралдарымен жабдықталған. Онда екі қазақстандық және бір қырғызстандық полиция қызметкерлері шекарадан бастап (Қордай елді мекені) Ыстықкөл жағалауына дейін патрульдеуді жүзеге асырады. Арнайы экипаждардың басты мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және парақорлықты жою. Іс-шара барысында жол полициясы бөліністері мен көрші елдің мемлекеттік автоинспекциясы өзара тәжірибелерімен алмасады. Жол қозғалысына бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында қазақстандық жол полициясының патрульдік көліктері іздестіруге жарияланған азаматтар мен көліктер базасы енгізілген ноутбуктер мен жылдамдық режимін бақылайтын фото, бейне құралдарымен жасақтанған. Бірлескен іс-шара қырғыз азаматтарымен қатар, Қазақстаннан және ТМД-ның басқа да елдерімен келген азаматтардың жол қозғалысы қауіпсізідігі деңгейін айтарлықтай арттырады. Алматы және Жамбыл облысының ІІД Жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және Қырғызстан Республикасы МАИ бөліністерінің бірлескен қызметін ұйымдастыру үшін Бішкек қаласына қызметтік іссапармен ІІМ-нің Жол полициясы комитетінің Жол-патрульдік қызмет және іздестіру басқармасының бастығы полиция полковнигі Сәрсен Уваев барды. Аталған іс-шараның алдын ала нәтижесін анықтау мақсатымен шекараға демалыс күндері Жамбыл облысының ІІД бастығы генерал-майор Мейірхан Жаманбаев барады. Ол үшін Қордай бекетінде Қырғызстанда демалып Қазақстанға бет алған қазақстандық жүргізушілерден сауалнама алады. Егер қабылданған шаралар тиімді болып, оң нәтиже берсе мұндай жұмыстар алдағы уақытта жалғастырылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть