Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен хаттамаға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен хаттамаға қол қойды

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен хаттамаға қол қойды

Қытай елінің астанасында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекшев пен ҚХР даму және реформалар бойынша мемлекеттік комитетінің жетекшісі Сюй Шаошимен келіссөздері аяқталды.

  • 26 Желтоқсан 2014
  • 605
Фото - Caravan.kz

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тау-кен металлургиясы, химия және мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, сонымен бірге жеңіл өнеркәсіп, туризм, көліктік инфрақұрылым және электр энергетикасы салаларындағы жобаларды жүзеге асырудағы әлдеқайда тиімділерін анықтады.

Бірлескен хаттамаға қол қойылды, байланысты жандандыруға байланысты келісімге және бірлескен жобаларды толық зерделеу жұмыстарын жалғастыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Келесі келіссөздерді таяуда — 2015 жылы қаңтар айының алғашқы онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстандық делегацияның құрамына шамамен 40 адам енді, оның ішінде Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Даму банкінің, «KEGOC», «Бірлескен химиялық компания», «KaznexInvest», «Тау-Кен Самұрық», «Қазақстан Инжиниринг», «Самұрық-Энерджи», «Бәйтерек» ұлттық холдингі, «ҚазАвтоЖол», «ҚазАзот», «Қазақмыс» және басқа да компаниялардың өкілдері бар.