«Біздің елдеріміз үшін Батыс Еуропа мен батыс Қытайды Санкт-Петербург — Қазан — Орынбор — Ақтөбе — Алматы — ҚХР бағытында жалғастыратын транспорттық дәліз құруға қатысты тәжірибелік жұмыстардың маңызы аса зор», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстан мен Ресейдің осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық меморандумына осы жолы қол қойылады», — дедң президент.
Ол сонымен бірге осы дәлізді құруға екі елдің шекаралық өңірлері де инфрақұрылымды дамыту: логистикалық орталықтар құру, жанға жайлы демалыс пункттерін құру арқылы өз үлестерін қоса алады, деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті