Бұл туралы РФ Мемлекеттік Думасы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің арасындағы әріптестік туралы Палатааралық парламенттік комиссия отырысында Мемлекеттік Дума төрайымы Людмила Швецова мәлімдеді.
Қазақстандық делегацияны комиссияның тең төрағасы — Парламент Мәжілісінің вице-спикері басқарды, деп хабарлайды РФ Мемлекеттік Думасының баспасөз қызметінен.
«Ресей тарапынан Қазақстанға негізінен минералдық заттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары мен металдар жеткізіледі. Ал Қазақстаннан Ресейге тасылатын тауарлардың ішінен машиналар, жабдықтар мен көліктер, аппараттар жалпы тасымалданатын өнімдердің үштен бірін құраса, минералдық заттар көлемі 26%-дан асады. Газ саласында да өзара ықпалдастық жемісті жүзеге асуда», — деп атап өтті Л.Швецова.
Ресей өкілінің хабарлауынша, аталмыш елдің 83 субъектісі қазақстандық әріптестерімен сауда-экономикалық байланыс орнатқан. Аймақаралық және шекара маңындағы сауда екіжақты тауар айналымының 70% қамтиды. Қазақстанда шамамен ресейліктердің капиталы салынған 4 000 кәсіпорын бар. «2014 жыл Ресей, Қазақстан мен Белоруссия арасындағы ынтымақтастық үшін межелі жыл болмақ — 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық одағы өз жұмысын бастайды», — деп айтулы оқиғаны да назарынан тыс қалдырмады Людмила Швецова.