Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жеткен - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жеткен - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жеткен - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жеткен. Бұл туралы РФ өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағаларының кездесуінен кейін өткен брифинге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Наурыз 2007
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келеді. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жетті»,- деді В.Христенко.

«Біздің өзара экономикалық қарым-қатынасымыз тек сауда-саттықпен, мұнай және газбен ғана шектеліп қалмай, оған жоғары технологиялар мен машина-техникалық өнімдер секілді жаңа салалардың да тартылуы бізді қуантады. Өзара экономикалық ықпалдастығымыздың аясы сауда-саттықтан гөрі кеңейіп, ғылыми және техникалық тұрғыдан байи түсті»,- деді ол.

В.Христенконың хабарлауынша, өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Мәскеуде өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті