Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісім ратификацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісім ратификацияланды

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісім ратификацияланды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданд

  • 15 Мамыр 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

Аталған заңды халық қалаулыларына таныстырған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровтың атап өтуінше, Қазақстан мен Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғанысының өңірлік жүйесін құру мақсаты — екі мемлекеттің әуе кеңістігін күзету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Бұл жүйенің негізгі міндеттері құрылу және әскерлерді қолдану қағидалары келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ережеде көзделген. Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесі мынадай қағидалар негізінде құрылады және қолданылады: бейбіт уақытта әскерлердің жауынгерлік кезекшілікті атқаруы мен бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруді ұйымдастыру, бірыңғай өңірлік жүйе әскерлерінің тікелей ұлттық қолбасшылыққа бағыныштылығын сақтау, әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру жолындағы тәсілдердің тұтас болуы», — деді ол.


Сондай-ақ О.Сапаров соғыс уақытында екі мемлекеттің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін қолдану бірыңғай ниетпен жоспар бойынша жүзеге асырылатынын айтып өтті.