«Қазір Ресей Федерациясымен жаңа халықаралық келісімдерге қол қоюға дайындық жұмыстары жүргізілуде», — деді Т. Мұсабаев.
Оның түсіндіруінше, «бұл жерде ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану және зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтатсық жөніндегі үкіметаралық базалық келісім жөнінде сөз болып отыр, ол бұдан кейінгі барлық ғарыштық жобаларды жүзеге асыруға құқықтық негіз қалайды».
Т. Мұсабаев, сондай-ақ, Қазақстанның «ғарыш нысандары туралы жаңа ғылыми мәліметтер алу үшін бүкіләлемдік ғарыштық обсерватория құру жобасы бойынша Ресеймен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін» қарастырып жатқанын жеткізді.
«Қазғарыш пен Роскосмос арасында осы жоба бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды», -деді агенттік төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті