Жарияланды: 600

Қазақстан мен Ресей мемлекет басшысы инновациялар саласындағы қарым-қатынас жайлы талқылады

Ақтөбе. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Екі елдің мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары басшыларының бесінші форумында инновациялар саласындағы қарым-қатынас жайлы талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Күн тәртібіне алғаш рет инновациялар саласындағы қарым-қатынас мәселесі енгізілген. Бұл - біздің болашағымыз. Осы саладағы біздің арақатынасымызға екі елдің алдағы онжылдықтардағы бәсекелестік қабілеті тәуелді болдмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар енді ғана басталып келеді, бірақ ашып отырған перспективасы үлкен", - деді РФ президенті Дмитрий Медведев. Форумда сондай-ақ Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев сөз сөйлеп, екі елдің өзара ынтымақтастығына жоғары баға берді. Форумның белсенділігі уақыт өткен сайын артуда, оған қатысушылар құрамы кеңейіп келеді, деді Ресей басшысы. Форумға бизнес өкілдері де, қоғамдық ұйымдар да қызығушылық танытып отыр. Бұл біздің саяси-экономикалық және гуманитарлық байланыстарымыздың жоғары деңгейге жеткенін білдіреді. Әлемдегі орын алған қаржылық дағдарыс салдарынан азық-түлік, табиғи ресурстардың бағасы өсіп барады. Осы мәселені біздің елдердің шекаралас өңір басшыларының бірлесе отырып шешуіне мүмкіндіктері бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хабарлауынша, екі мемлекет басшысы талқылаулар барысында ірі жобаларды жүзеге асыруға келісті, олар бойынша өзара инвестициялар көлемі $10 млрд болмақ. "Нағыз интеграция деген міне осы, ол өзара шынайы сенімділік, достық пен бауырластық жағдайында ғана мүмкін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть