Қазақстан мен Ресей нанотехнологиялар саласындағы инновациялық жобаларға инвестиция салатын бірлескен венчурлық қор құру мәселесін қарастыруда
Ақтөбе. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей бірлескен венчурлық қор құру мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары басшыларының бесінші форумында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
""Қазына" ТДҚ"АҚ, "Роснанотех" пен ресейдің венчурлық компаниялары арасында Қазақстан мен Ресей бірлескен венчурлық қор құру мәселесі қарастырылуда", - деді мемлекет басшысы.
Венчурлық қор Қазақстан мен Ресей аумағында жүзеге асырылатын нанотехнологиялар саласындағы инновациялық жобаларға инвестиция салатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін