Қазақстан мен Ресей орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлады

Қазақстан мен Ресей орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлады

Қазақстан мен Ресей 17 тоннаға дейін жүк көтере алатын орта санаттағы зымыран дайындауды дереу жоспарлады. Бұл туралы ресейлік вице-премьер Дмитрий Рогозин РФ  президенті Владимир Путинмен өткен жиналыстан соң мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

  • 23 Мамыр 2017
  • 217
Фото - Caravan.kz

"Жоба мақұлданды, осы мәселені бірнеше күннен соң Қазақстандағы әріптестерімен талқылайтын боламыз. Бұл Байқоңырды пайдалану мәселесі және "Бәйтерек" жобасы аясында Қазақстанмен бірлесе, Қазақстанның қаржылай қатысуымен дереу орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлауға кірісеміз", — деді Рогозин.

Оның айтуынша, орта санаттағы зымыран 17 тонна жүк көтере алатындай болады және "Байқоңыр" старттық үстелі аясында орындалатын "Зенит" бұрынғы зымырандарының міндетін атқарады. 


 

Соңғы жаңалықтар