Жарияланды: 540

Қазақстан мен Ресей президенттері Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары басшыларының бесінші форумы аясында ұйымдастырылған екі елдің тауар өндірушілерінің көрмесінде болды

Ақтөбе. 23 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Қазақстан мен Ресей президенттері Ақтөбедегі "Қоныс" спорт сарайында Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары басшыларының бесінші форумы аясында ұйымдастырылған екі елдің тауар өндірушілерінің көрмесінде болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев 100 пайыз Ресей капиталының қатысумен ашылып жатқан "Восход Ориел" ЖШС хром кенін байыту тау-кен комбинатының жұмысын бастауды он-лайн режімінде көрді. Бұл - "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба. Комбинат сұранысқа және бәсекеге қабілетті хром концентраты өнімдерін өндіреді. Жобаның құрылтайшысы Қостанай облысындағы никель кен орнына, Қырғызстанның және Ресейдің алтын кен орындарына құқығы бар Ресейдің "Мечел" компаниясы болып табылады. Қазақстан мен Ресей Федерациясы президенттерінің бастамасымен құрылған, халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын халықаралық қаржы институттары және Еуразия даму банкі атынан банкілік консорциуммен несие келісіміне сәйкес "ВосходОриел" компаниясы "Восход" кенішіндегі жобаны жүзеге асыру үшін 11987,0 млн. теңге несие алу құқығына ие болды. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің "Восход Ориел" ЖШС-мен хром кенін өндіруге жасасқан келісім-шартына сәйкес Хромтау кенді аймағында орналасқан "Восход" кенішінде кен байыту кешенінің құрылысы салынуда. Кешенге бірнеше нысандар - шахта, өңдеу фабрикасы, теміржол терминалы және басқа қосымша инфрақұрылымдық бөлімшелер кіреді. Кен байыту комбинаты мен кеніш құрылысы жобасын Алматының "Казмеханобр" ГНПОПЭ жасады. "САМ" Орта Азия компаниясымен кен бұрғылау және кен өндіру жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалды. Байыту фабрикасының құрылысын жүргізуге "ДРА" (Канада-ОАР) және "Химмонтаж" АҚ мердігерлік компаниялары тартылды. Кен байыту комбинаты толық қуатында іске қосылғаннан кейін өндірілген өнім шетел рыногына өткізіледі. Кеніште өндірілген хром концентратының 40 пайызы Ресейдің Тихвин ферроқорытпа зауытына, Ұлыбританияның "GLECORE" команиясына, қалған бөлігі Қытайға экспортқа шығарылады. Жобаны жүзеге асыру әлемдік хром рыногындағы Ақтөбе облысының қуатын күшейтуге, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге және Хромтау ауданының бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқаша сөз сөйлеп, мұндай бастамаларды бұдан былай да қолдайтынын, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін, салық түсімдері молаятынын жеткізді. Өз кезегінде Ресей президенті Дмитрий Медведев жаңадан ашылып жатқан кәсіпорынға сәттілік тіледі. Олар "Жоғары технологиялық - өңірлерге. Шекарадағы ынтымақтастық" атты көрмеде инновациялық жобалармен танысты. Көрмеге Қазақстанның сегіз облысы тауарларын қойған екен. "Қазақстанның инновациялық технологиялары" бөлімін "Қазына", "Самұрық", "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы", "Ұлттық инновациялық қор"акционерлік қоғамдары мен Ақпараттық технологиялар паркі таныстырды. Мұнда сондай-ақ Ресейдің он алты өңірінің өкілдері өз өнімдері мен тауарларын қойды. Оның ішінде, Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары, Свердлов облысы, Татар Республикасы және "Ресей нанотехнологиялар корпорациясының" үлкен экспозициясы бар. Көрмеге қатысушы 200-ге жуық субъектілер келушілердің назарына көпшілігі алдыңғы қатарлы технологиялар болып табылатын өнімдердің 150-ден астам макеттері мен үлгілерін ұсынды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін