Қазақстан мен Ресейдің парламентшілері жылдың екінші жартысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқыламақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің парламентшілері жылдың екінші жартысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқыламақшы

Қазақстан мен Ресейдің парламентшілері жылдың екінші жартысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқыламақшы

Астана. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресейдің парламентшілері жылдың екінші жартысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқыламақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламентінің сенаты мен РФ Федералдық жиыны Федералдық кеңесі арасындағы парламенттік ынтымақтастық тобының кездесуінде топтың Қазақстан жағының тең төрағасы, сенат депутаты Ахан Бижанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Ақпан 2008
  • 352
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдың екінші жартысында біз шекаралық ынтымақтастық мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз», — деді А. Бижанов. Оның айтуынша, шекаралық ынтымақтастықта «екі жақты қарым-қатынасты дамытуда оң серпін байқалуда».

Сенатор Қазақстан мен Ресей арасында парламенттік ынтымақтастықтың да кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Жылдың қорытындысы бойынша экономикалық байланыстар $16 млрд асты, өсім 27% құрады, бұл қарым-қатынасты дамытудағы оңды процестерді паш етеді», деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті