Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады
Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады. Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньеро Астанада кеше ҚР сыртқы тістер министрі Марат Тәжинмен кездесу қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қазақстан біздің Орталық Азия өңіріндегі шешуші серіктесіміз болып табылады. Біз таяу болашақта өзара қарым-қатынасымызды нығайта, бекіте түспекшіміз", - деді К. Бисоньеро.
"Біз министр Марат Тәжинмен бірлесіп барлық мәселелерді, өзара ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарын жан-жақты талқылап, ағымдағы жаңалықтар жөнінде пікір алмастық. Біз өзара ынтымақтастығымызды қалай кеңейта алатындығымызды да айқындадық", -деді ол.
"Ұйым келесі жылы аса маңызды шара өткізгелі отыр. Қазақстанда маусым айында қауіпсіздік форумы өтеді, оған 50 астам ел қатысады",- деді К. Бисоньеро.
Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне мүшелікке өтуден басталды.
Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесі Қазақстанға Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше елдер мен еуразиялық кеңістік елдері арасында халықаралық қауіпсіздік мәселесі бойынша жемісті диалог жүргізуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін