Қазақстан мен Ұлыбританияның машинажасау одақтары ынтымақтастық туралы меморандум жасасты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ұлыбританияның машинажасау одақтары ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Қазақстан мен Ұлыбританияның машинажасау одақтары ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

 Қазақстанның машинажасау одағы мен Ұлыбританияның машинажасау технологиялары қауымдастығының арасындағы меморандумда қазақстандық-британдық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бекітілген. 

  • 26 Ақпан 2015
  • 474
Фото - Caravan.kz


Лондондағы қазақстандық-британдық іскерлік кездесулер барысында Қазақстанның машинажасау одағы басқармасының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев Ұлыбританияның машинажасау технологиялары қауымдастығының вице-президенті Гай Моллартпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Аталған меморандум екі елдің машина жасаушыларының өндірісті роботтандыруда, компьютерлік жобалауда, металл өңдеудің заманауи жүйелерін пайдалануда, заманауи технологиялық жабдықтар мен станоктар өндірісіндегі ынтымақтастығының негіздерін айқындайды. 

Шараның қорытындыларын шығара отырып, тараптар аталған ынтымақтастықты іске асырудың екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.