Жарияланды: 1400

Қазақстан мұнай өндіру көлемімен ТМД аясында 2-орын иемденсе, барланған мұнай қоры бойынша дүниежүзінде 13-орынды еншілейді

Қазақстан мұнай өндіру көлемімен ТМД аясында 2-орын иемденсе, барланған мұнай қоры бойынша дүниежүзінде 13-орынды еншілейді. Бұл туралы бүгін, 8-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, "1995-жылдан бері еліміздегі мұнай өндіру ауқымы тұрақты өсіп келеді. Мәселен, 1995-жылы Қазақстан 20 млн. тонна мұнай өндіріп, дүниежүзіндегі жалпы көлемнің 0,62 процентін иемденді. Ал 2002-жылы бұл көрсеткіш 4702 млн. тоннаны құрап, әлемдік мөлшердің 1 процентіне жетті".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін