Қазақстан Мысырға 1 млн тоннадан астам бидай жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Мысырға 1 млн тоннадан астам бидай жеткізеді

Қазақстан Мысырға 1 млн тоннадан астам бидай жеткізеді

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мысырға жыл бойы 1 млн тонна қазақ бидайы жеткізілетін болады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Мысырға биыл миллион тоннадан аса бидай тасымалданды», — деді Н. Тілеубаев.

Ол айтқанындай, «кеше Мысырдың жеке меншік компаниясы және Қазақстанның «АПК-Инвест» компаниясы 2007 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін 720 мың тонна бидайды жеткізу туралы келісім-шартына қол қойды. Онда көрсетілгеніндей SWAP шарты бойынша, ай сайын 60 мың тонна бидай жөнелтілуі керек».

Н. Тілеубаевтың берген ақпараты бойынша, былтыр аталған мысырлық компаниясымен 400 мың тонна бидай тасымалдау туралы келісім-шарты қабылданған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті