Премьер-министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, Непалдағы жойқын зілзаладан кейінші төтенше жағдайды ескерген комиссия үкіметке ресми көмек ретінде 200 мың доллар бөлу туралы ұсыныс жасады.
Аталған қаражат үкіметтің төтенше жағдайларға арналған қорынан бөлінеді.
Сонымен қатар, комиссия үкіметті Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды. Ауған еліне өсімдік майы, жылы киім, төсек-орын, шатырлар мен ыдыс-аяқ жөнелтілмек.