Қазақстан Нидерланды парламенті депутатының деректі фильмін айыптаған БҰҰ мәлімдемесінің жобасын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Нидерланды парламенті депутатының деректі фильмін айыптаған БҰҰ мәлімдемесінің жобасын қолдайды

Қазақстан Нидерланды парламенті депутатының деректі фильмін айыптаған БҰҰ мәлімдемесінің жобасын қолдайды

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Нидерланды парламентінің депутаты Геерт Вильдерс түсірген деректі фильмді айыптаған БҰҰ-ның "Өркениеттер альянсы" бойынша Бас хатшының жоғарғы өкілі Жорж Сампайоның мәлімдемесінің жобасын қолдайды. Бұл туралы бүгін "Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу" атты мұсылман және батыс елдері сыртқы істер министрлерінің форумын өткізу жөніндегі тұжырымдамалық мәселелерін әзірлеу үшін өткен жоғары өкілдер тобының мәжілісінде ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 671
Фото - Caravan.kz

«Масс-медиа әлемінде қоғамдық санамен манипуляциялар жүргізу жаппай белең алып, дүниежүзіндегі оқиғаларды еркін әрі тәуелсіз қабылдауды паш ететін жаңа мүмкіндіктер көбейе түсті», — деді Н. Ермекбаев.

«Алайда, жауапкершілік жоқ жерде еркіндік болуы мүмкін емес, біз басқыншылыққа айдап салу мен жеккөрушілікті насихаттауға қарсымыз. Сол себепті Қазақстан Нидерланды парламентінің депутаты Геерт Вильдерс түсірген деректі фильмді айыптаған БҰҰ-ның «Өркениеттер альянсы» бойынша бас хатшының жоғарғы өкілі Жорж Сампайоның мәлімдемесінің жобасын жалпы қолдайды «, -деді ол.

Еске сала кетейік, бұл жерде әңгіме Құранның бірқатар постулаттарын сынаған авторлық деректі фильм жайында болып отыр.

«Сонымен бірге, әділеттілік пен жүйелілік те болуға тиіс : мұсылмандардың рухани құндылықтарын құрметтеу қажеттігі туралы айтқан кезде батыс қоғамының да рухани тарихи құндылықтарға ие болуы құқығы бар екенін және ол да құрметке лайық екенін ұмытпау керек», -деді министр орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті