Қазақстан өкілдері "Орталық Азия + Корея" халықаралық форумына қатысады - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкілдері  "Орталық Азия + Корея" халықаралық форумына қатысады  - ҚР СІМ

Қазақстан өкілдері "Орталық Азия + Корея" халықаралық форумына қатысады - ҚР СІМ

Астана. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарған Қазақстан өкілдері "Орталық Азия + Корея" халықаралық форумына қатысады, деп хабарлайды агенттік ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қараша 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, делегация Сеул қаласына кеше, 14 қарашада келді. «Шараның басты мақсаты — экономика, транспорт, ғылым және технологиялар, мәдениет секілді басымдық берілген салаларда Корея мен Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін іске қосу», -деп хабарлайды министрлік.

Форумның ашылуында Корея Республикасының сыртқы істер және сауда министрі Сон Мин Сун сөз сөйлейді. Бұған қоса Қазақстандық өкілдер екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде баяндама жасайды деп күтілуде.

Ал 16 қарашада Сеулде сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның СІМ арасындағы кезекті консультациялар өтеді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің түсіндіруінше, осы кездесулердің барысында «екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы ахуалы, Қазақстан мен Кореяның екі және көп жақты ықпалдастығының өзекті мәселелері сарапқа салынады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті