Қазақстан өкпе қабынуының беймәлім түрімен күресте Қытай Халық Республикасына қолұшын беруге дайын- ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкпе қабынуының беймәлім түрімен күресте Қытай Халық Республикасына қолұшын беруге дайын- ҚР президенті

Қазақстан өкпе қабынуының беймәлім түрімен күресте Қытай Халық Республикасына қолұшын беруге дайын- ҚР президенті

Қазақстан өкпе қабынуының беймәлім түріне шалдыққан науқастарды зерттеуге арнап дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық жіберуге дайын. Бұл туралы ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаноның Қазақстанға ресми мемлекеттік сапары аясында бүгін, 3-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетті.

  • 3 Маусым 2003
  • 389
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, мемлекет басшыларының екі жақты келіссөздері барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың аталмыш індетті ауыздықтауға мүмкіндігі жететініне сенім білдірді.

Елбасы Қазақстанда осынау жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу бағытында шара қолданылып жатқанын хабарлады.
Өз кезегінде ҚХР төрағасы Қытай халқы жұқпалы дертті бұлтартпай бақылауға бел буғанын баяндап, онымен күресте жалпы адамзат дүниесінің жеңіп шығатынына кәміл сенім танытты.