Қазақстан оппозициясы президенттің конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын оң бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан оппозициясы президенттің конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын оң бағалайды

Қазақстан оппозициясы президенттің конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын оң бағалайды

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан оппозициясының өкілі - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыынң жетекшісі Жармахан Тұяқбай президенттің конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын оң бағалайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2007
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Жалпы алғанда президент ұсынған Конституцияны өзгертуге жасалған алғашқы қадамдар сенім ұялатады: билік сол арқылы күрделі саяси реформаларды жүзеге асыруға шындап ниет етті»,- деп мәлімдеді Ж.Тұяқбай «Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша журналистерге берген түсініктемесінде.

«Бүгін жария етілген қадамдар — демократиялық реформалардың басы. Бұдан кейін елімізде нағыз, толыққанды демократиялық басқаруды, биліктің халық бақылауында болуы мен нақты адамның құқығы мен бостандықтарын тиісінше қамтамасыз етуге жол ашатын басқа да қадамдар жасалмақ»,- деді партия жетекшісі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті