Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі теміржол торабына айналады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі теміржол торабына айналады

Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі теміржол торабына айналады

3 жылдан соң Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі теміржол торабына айналады. Сөйтіп бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды істер жүзеге асырыла бастамақ.

  • 27 Қараша 2013
  • 321
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ақордада мемлекет басшысына есеп берген Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының президенті Асқар Мәмин мәлімдеді. Оның жоспары ауқымды. Мақтанышпен айтқан жобаларының бірі Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл  жаңа теміржол желісі. Ол келер жылы қолданысқа берілмекші. Ал  3 жылдан соң Қазақстан өңірлік көлік-логистика хабы ретінде қалыптаспақ. Сондай-ақ бүгін Елбасының қабылдауында Қорғаныс істер министрі Әділбек Жақсыбеков болды. Ол Қарулы Күштердің бас қолбасшысын тындырған істерімен таныстырып әскердегі ахуалды баяндады.